«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КӨШБАСШЫЛЫҚ АКСЕЛЕРАЦИЯСЫ

29.10.2021

Биыл екінші жыл «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Кемел болашақ » бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру» қағидаттары мен философиясын таратуға бағытталған әлеуметтік жобалардың акселераторы жұмыс істеп келеді. 2021 жылдан бастап бұл бастамаға өңірлік жобалар қосылды.

Жалпы «Рухани жаңғыру» акселераторы дегеніміз не?

         «Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобалар акселераторы – өңірлік өзгерістердің көшбасшылары ретінде әрекет жасайтын және жергілікті жерлерде қоғамдық сананы жаңғыртуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар көшбасшылары мен командаларын дамыту үшін тұрақты алаң болып табылады.

Акселерацияда «Рухани жаңғыру»  қағидаттары қалай іске асырылады

         Акселератор немесе ағылшын тілінен аударғанда «жедел даму орталығы» әлеуметтік жобаларды дамытудың бірегей құралы болып табылады. Алайда, елімізде ұйымдар мен бизнестің тұрақтылығын арттыру үшін осындай алаңдардың аз емес екенін атап өткен жөн.

«Рухани жаңғыру» акселераторының ерекшелігі оның  дамуының әдіснамасы негізіндегі  философиясы мен қағидаттары болып табылады.

«Рухани жаңғыру» құндылықтары акселерацияның келесі элементтеріне енді:

– Әлеуметтік жобалардың тұрақтылығы үшін жағдай жасау.

-Акселератордың сараптамалық құрамы тарапынан республикалық және өңірлік деңгейлерде жобаларға, командаларға практикалық қолдау көрсету

– Жоба жетекшілерінің көшбасшылығын трансформациялау.

-Жобалардың экожүйелерін құру және синергетикалық әсерге қол жеткізу үшін бастамалар арасындағы байланыстар

-Ойлау икемділігі мен жаңаны қабылдауды үйрету.

-Акселерацияның инклюзивтілігін құру үшін кәсіпкерліктің барлық нысандарын / деңгейлерін тарту

«Рухани жаңғыру» қағидаттары және көшбасшылық акселерациясы

Акселерацияның негізгі бағыты – жоба жетекшілерінің дамуына трансформациялық әсер ету. Тәжірибе көрсеткендей, көшбасшылық құзыреттердің сапалы өсуі акселерацияның сәтті аяқталуына және жобаның немесе бизнестің одан әрі тұрақты дамуына ықпал етеді.

«Рухани жаңғыру» философиясының әрбір қағидаты жоба көшбасшыларының сапалы өсуінің элементі ғана емес, сондай-ақ, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бағдарға айналады.

«Рухани жаңғыру» ұстанымдары мен көшбасшылықтың өзара байланысы

Прагматизм – Көшбасшылар өздерінің жеке мақсаттары мен жоба / ұйым миссиясы арасындағы нақты байланысты біледі. Осы екі элементтің қиылысы көшбасшылардың керемет нәтижелерге қол жеткізуіне ынталандыру көзі болып табылады.

Сананың ашықтығы – Кәсіпорынның болашақ табысын визуализациялаудың айқындығы және бизнес тиімділігін бағалайтын стейкхолдерлердің тартылуы көшбасшылардың кемелдену өлшемдері болып табылады.

Бәсекеге қабілеттілік – Клиенттер үшін құндылықты құру процестері шешіліп, үнемі жетілдіріліп отырады. Көшбасшы процестер арасындағы интеграциялық элемент ретінде әрекет етеді.

Эволюциялық даму – Құндылық бағдарлары барлық стейкхолдерлердің көшбасшысы нақты тұжырымдалған және бастамашыл және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бастапқы нүкте ретінде қолданылады.

Өркениеттер тарихында дамудың кез-келген кезеңінде қалыптасқан қауымдастықтарға идеологиялық платформа қажет екенін көрсетеді. Біздің елімізде мұндай тұғырнама ретінде «Рухани жаңғыру»философиясы қызмет етуде. Оның қағидаттары қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларында, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік пен көшбасшылықты дамыту үшін де қолданылады.

Валерий Опря

«Рухани жаңғыру» республикалық акселераторының сараптамалық кеңесі