
«ЕР ЕДІГЕ – НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ ЖЫРЫ» ЖӘНЕ «ЕР ЕДІГЕ» ЖЫР МЕКТЕБІ
01.02.2022
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ»,«ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢЖЫЛДЫҒЫ» АРНАЙЫ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ «ЕР ЕДІГЕ – НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ ЖЫРЫ» ЖӘНЕ «ЕР ЕДІГЕ» ЖЫР МЕКТЕБІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ.
МАҚСАТЫ: -Қастерлі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тарихымызды дәріптеу, -Батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету, ұлы тұлғаларымызды ұрпақ есінде қалдыру, -Төл өнерімізді өрістете отырып, түркі халықтарына ортақ тарихи тұлғаның есімін ұлықтауға және ортақ мұра — «Едіге батыр» эпосының ұлттық фольклордағы, рухани дамуындағы алар орнын дәріптеу, – Алтын Орда дәуірінен үзілмей келе жатқан поэтикалық дәстүрдің алтын тінін келер ұрпаққа жалғастыру.
2020 жылы «Ер Едіге – Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбомы 500 данамен жарыққа шықты.
