«Эко-герой» жобасы

07.12.2021

Жобаның идеясы өзендер мен көлдерді және саябақтарды қорғау бойынша «Эко-герой» акциясын өткізу. Ол үшін «Эко-герой» еріктілер тобы құрылады. Бастамаға қатысушылар азаматтарға саябақтарда тазалықты пен тәртіпті сақтау, қоқысты бөлек жинау және бізді қоршаған ортаға қамқорлық жасау маңыздылығы туралы хабардар етеді. Сондай-ақ, қоқыс салатын қосымша контейнерлер Есіл өзені мен Пестрое аралындағы адамдар көп жиналатын жерлерде орналастырылады. Жоба қалдықтарды жинау және қайта өңдеу мәселелеріне назар аударуға  бағытталған.