Atamnyn Amanaty

22.06.2020

«Atamnyn Amanaty» ҚБ 2019 жылдың мамырында құрылды және бүгінгі таңда бұл – ҰОС кезінде жоғалған қазақстандық сарбаздарды жүйелі іздестірумен айналысатын еліміздегі жалғыз ұйым.

Енді әрбір қазақстандық күн сайын іздеу отрядтарынан, ғалым-тарихшы, әскери генеалогтар мен еріктілерден тұратын топ жұмыс істейтін ұйымның сайтында өтінім қалдыра алады.

Қазірдің өзінде жоба жұмысының арқасында порталдағы 1100 өтінімнен 200-ге жуық адамның тағдыры анықталды.

Жоба қоғамның азаматтық-патриоттық санасының деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу; Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздардың жерлеу орындарын белгілеу жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру; ақпараттық жүйе құру арқылы қазақстандық сарбаздардың естелігін мәңгі есте сақтау үшін құрылған.

Контакт – +7-701-511-15-97 

Мекеме: «Atamnyn Amanaty» ҚБ

Қала: Нұр-Сұлтан