ASPARA FASHION WEEK

22.06.2020

«ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы қазақстандық дизайнерлерді әлемдік подиумдарға шығуларына септік ету, фэшн-индустрияны, Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында өткізіледі.

Іс-шараның міндеттері:

Қазақстандық жас дизайнерлер арасында әлемдік сән индустриясындағы білімге деген құштарлығын және бәсекеге қабілеттілікті сезінуді ынталандыру

Қаланың тарихи ескерткіштері орындарына экскурсия, модельдер мен қонақтарды фото – және бейнетүсірілімдер, әлеуметтік желілерде қатысушыларды жарнамалау

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығын өткізу

Шетелдік және отандық БАҚ-та жарнама арқылы Тараз және жалпы өңірде туристік кластерді дамытуға жәрдемдесу

Жоба жетекшісі – Калиев Айдархан Миралиевич

Қала: Тараз