Саламатты болашақ

14.06.2020

«Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедектігі бар балалардың ата – аналар қоғамы»  ҚБ-Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен құрылған Қазақстандағы алғашқы тегін инклюзивті және бейімделген спорттық секциялар желісі.

Нұр-сұлтан қаладағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 160 бала осы секцияларға жиі қатысады. Жобаның бірегейлігі-әртүрлі диагнозы бар балалар да, дені сау балалар да айналыса алады.

Сабақтар мүмкіндігі шектеулі балаларды бейімдік дене шынықтыру және спорт құралдарымен және әдістерімен абилитациялау принципі бойынша өткізіледі. Ұйым үш жылдан бері жұмыс істеп келеді және ерекше білім беру қажеттілігі, әртүрлі генетикалық ауытқулар, туа біткен даму ақаулары және онкологиялық аурулармен ауырған Нұр-сұлтан қаласының балалары үшін құрылған.

Жоба жетекшісі: Ульжекова Нургуль Туленовна

«Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедектігі бар балалардың ата – аналар қоғамы»  ҚБ

Контакы – 8 (701) 710 7068 

Қала: Нұр-Сұлтан