«Рухани жаңғыру» – 2021 әлеуметтік жобалар акселераторы

28.10.2021

2020 жылы әлеуметтік жобалардың пилоттық акселераторы іске асырылды, оның нәтижелерімен сіз https://saruarlar.kz сайтынан таныса аласыз. «Рухани жаңғыру» Республикалық Акселераторының сараптамалық кеңесінің құрамында жұмыс істей отырып, әріптестермен бірлесіп табысты апробацияланған акселерация моделін құжаттауға және өңірлік деңгейде одан әрі жұмысты ұйымдастыруға қатыстым.

Тамыз айында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының сараптамалық қолдауымен өңірлерде ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлер, бастамашыл топтар, ғылыми жұртшылық, өнер және мәдениет қайраткерлері, шағын және орта бизнес өкілдері арасында «Рухани жаңғыру» әлеуметтік жобаларының Акселераторына қатысуға конкурс жарияланды.

Барлығы 184 жоба ұсынылды, жобалар саны бойынша Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстары көш бастап тұр. Жобалардың басым бөлігі бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді – қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеруді дамытуға бағытталған. 23 жобаның басты назарында мәдениет, өнер және халық шығармашылығы, спорт мәселелері бар. Инклюзия тақырыбы да қатысушылар үшін өзекті болып табылады – әрбір 9-шы жоба инклюзивті қоғамды дамыту бойынша жұмысты көздейді: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған.

Менің ойымша, бүгінде Қазақстанда акселераторлар түрлі салалардағы жобаларды жинау және «ілгерлету» үшін айтарлықтай танымал құралға айналды. Идеологиялық сала да ерекшелік емес. Процесс күрделі, мемлекеттік құрылымдар тарапынан тәсілдерді қайта құруды, сондай-ақ азаматтық қоғам, бизнес-сектор өкілдерінің өз жобалары арқылы халықтың нақты топтарына «Рухани жаңғыру» қағидаттарын таратуға дайындығын талап етеді. Прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, білімге табыну, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлікті сақтау және эволюциялық даму туралы айту жеткіліксіз деп ойлаймын. Бұл қағидаттар шынайы тәжірибемен, жобаларда өз клиенттерімен бірге күн сайын жаңа тәсілдер, мінез-құлық үлгілерін жасайтын және бірегей өнімдер жасайтын көшбасшылардың энергиясымен толтырылуы тиіс.

Іріктеуден өткен жобалардың көшбасшылары мен командалары «Рухани жаңғыру» Республикалық Акселераторының сараптамалық кеңесі әзірлеген акселерация бағдарламасына қол жеткізді. «Рухани жаңғыру» – 2021 әлеуметтік жобалар акселераторының қорытындысы бойынша үздік жобалар жинаққа еніп, республикалық жәрмеңкеде өздерінің жобаларын көрсете алады және масштабтау үшін ресурстық қолдау ие болады.

«Рухани жаңғыру»-2021 әлеуметтік жобалар акселераторының ішкі әлеуметтік желісі мен акселерация бағдарламасы мына https://openco.kz/accelerator/ru сайтта орналасқан. Барлық ниет білдірушілер осы қауымдастыққа қосылып акселерация бағдарламасынан өз бетінше өтуіне болады және тиісті ақпаратқа қол жеткізе алады. «Рухани жаңғыру» – 2021 әлеуметтік жобалар акселераторы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру» Республикалық Акселераторының Сараптамалық Кеңесі сарапшысы Юлия Натарова